×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Нұр-Сұлтанда Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

02.10.2021, 15:15
Фото: astana.gov.kz

«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда Қарағанды облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір фермерлері астанаға 600 тоннадан астам 117 өнім түрін әкелді, ол нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатылады.

Осы сенбі және жексенбі, 2 және 3 қазан күндері таңғы сағат 9-дан кешкі 18:00-ге дейін елордада Қарағанды облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

"Облыс тауар өндірушілері елордаға 600 тоннаға жуық өнім әкелді. Бағалар қолжетімді, ет өнімдері, көкөніс пен картоп үлкен сұранысқа ие. Елордада осымен 9-жәрмеңке өтіп жатыр. Өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы 21 тамызда басталды.",- дейді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.

Серіктес жаңалықтары