Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мектеп басшылығы бұл фактіні ескермегенін атап өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қадағалау органының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар Петропавлда оқушыларға балтамен шабуыл жасалған оқиға жайлы жаңа мәліметтер берді.
«Оқыған баланың үш ай бойы сабаққа келмеуі тиісті назардан тыс қалды. Сонымен қатар, келмей қалуына кәмелетке толмағанның өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша психиатриялық диспансерге жатқызылуы себеп болған. Алайда мектеп басшылығы өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайын анықтаған жоқ», - деді ол.
Облыстағы денсаулық сақтау және білім басқармалары арасында өзара байланыс жоқ, деп қосты прокурордың орынбасары.
Сонымен қатар, прокуратура органдары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігіне талдау жүргізді.
«Талдау барысында барлық мемлекеттік органдардың (кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үдерісіне қатысатын) тиісті түрде жүргізілмеген профилактикалық жұмыстарды жүргізбейтіні, кәмелетке толмағандардың өміріне немқұрайлылықпен қарайтыны, келеңсіздіктердің айқын белгілерін елемейтіні және құқық бұзушылықтардың алдын алуда көрсетілген шаралардың дұрыс орындалмауы анықталды», - деді прокуратура.
Олар заң бұзушылықтарды жою бойынша бес ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын қосты.
Еске салайық, 13 ақпанда Петропавлда 4-ші мектептің 9-сынып оқушысы басқа балаларға пышақ пен балтамен шабуыл жасаған болатын.
Бірнеше бала басы мен білегінен жарақат алды. Прокуратура шабуыл жасаған баланың депрессияға ұшырағанын және психиатриялық есепте тұрғанын хабарлайды.