×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Халықаралық ақша аударымдары: Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

10.04.2023, 13:19
tengrinews.kz

Ұлттық банк халықаралық аударымдармен байланысты алаяқтық әрекеттердің көбейгенін ескертіп, Қазақстан азаматтарын сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жеке және заңды тұлғалар Ұлттық Банкке шетел валютасымен ақша алуға жәрдем көрсетуді сұрап, өтінішпен жүгініп жатады. Әдетте, мұндай өтініштерге жалған төлем құжаттары (соның ішінде SWIFT форматында) және есепте жоқ шоттар мен ақша аударымдарын растайтын шарттар қоса беріледі. Назар аударуды сұраймыз, Ұлттық Банк орталық банкі саналады және ол Қазақстан Республикасының банк жүйесінде жоғарғы (бірінші) деңгейді білдіреді. Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және  ҚР резидент, бейрезидент тұрғындарына ақша аудармайды», - делінген хабарламада.

Ұлттық Банк жекелеген валюталық шарттарға валюта операциялары бойынша деректерді жинау мақсатында ғана есептік нөмірлерді  тіркейтінін хабарлайды. Бұл рәсім рұқсат ету, санкция салу немесе мақұлдау қызметін атқармайды.

«Есептік нөмірді Ұлттық Банк реттеуші тарапынан қандай да бір міндеттемесіз береді және оның болуы келісім бойынша ақша түскенін не жөнелтілгенін білдірмейді. Бұл ретте нөмір беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тұлғаларды жауапкершіліктен босатпайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары