Тараздың маңында төтенше жағдай болған кезде жоғаып кеткен Бауыржан Дәуітбаев әлі табылған жоқ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеу жұмыстарына 500 адам жұмылдырылған.
«Іздестіру жұмыстарына 500-ден астам адам жұмылдырылды, оның ішінде Жамбыл облысы ІІД, Төтенше жағдайлар департаменті, ҚР Ұлттық ұланының әскери бөлімдері, орманшылар мен туыстары жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Іздеушілер үш топқа бөлінген.
«Іздеу жұмыстарына 50 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, тікұшақ та жіберілді. Іздеушілер ішінде атпен іздеп жүген әскерилер де бар», – дейді әкімдіктегілер.