1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке іліккен Әнуарбек Болатұлы Жексенғалиевті Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұстаған.
Қаржылық мониторингі агенттігі мемлекетаралық іздеу жарияланған Әнуарбек Жексенғалиевті ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке іліккен Әнуарбек Болатұлы Жексенғалиевті Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұстаған.
«Қаржылық мониторинг агенттігі кәсіпкер Жексенғалиев Әнуарбек Болатұлы және Медетбеков Еркін Қалқабайұлына іздеу жариялады. Олар 1,1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдіктілер бюджет қаражатын жымқыруды алдын ала сөз байласу арқылы топ болып ұйымдастырған», - делінген хабарламада.
25 сәуірде оларға мемлекетаралық іздеу жарияланып, агенттік іздеу салынған азаматтарға қатысты ақпарат үшін ақшалай сыйақы тағайындаған болатын.