×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Бас прокуратура Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалының сұхбатын назарға алды

11.04.2023, 20:22
Ашық дереккөз

Болат Назарбаевтың бұрынғы бейресми әйелі делінетін Динара Әлжанның сұхбатын Бас прокуратура тексеріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бас прокуратурада журналист Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына Динара Әлжанның берген сұхбатындағы деректерге қатысты өтініш қаралды. Бұл ақпаратты тексеру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Ішкі істер министрлігіне сауал жіберілді. Бұл органдар тексеру нәтижелерін мәлімдейтін болады», - делінген ресми жауапта.

Әнші YouTube арналарының біріне берген сұхбатында Болат Назарбаевпен танысқаннан кейін бір аптадан соң оған тұрмысқа шыққанын айтты.

"Біз 2016 жылы таныстық. Ол менен келесі күні таңғы сағат 8-де келуімді сұрады. Ол кезде мен 27 жастағы қыз едім. Маған бірден 15 сотық жер мен 360 шаршы метрлік үй сыйға тартты. Бір аптадан кейін үйлендік», - деді ол.

Д.Әлжан бұрынғы президенттің бауыры өзіне қаржылай қолдау көрсеткенін айтты.

"Ол маған 1 миллион долларға жуық ақша берді. Жағдайымды жақсартуға көмек ретінде. Менің анам бар, ол анама ота жасауға көмектесті. Ақшаны алып, анама Ақтаудан үй сатып алдым, көлік сатып алдым. Мен ағамның несиелерін жаптым”, – дейді бұрынғы тоқал.

Әнші Болат Назарбаевты жақсы адам деп сипаттайды.

«Оны жоғалтып аламын ба, ол мені тастап кете ме деп қорықтым, оған ғашық болдым», - дейді Динара Әлжан.

Олар 2018 жылы ажырасқан.

Динара Әлжан – Атыраудың вице-миссі атағын алған қазақтың танымал әншісі. Орындауындағы әндердің ішінде «Сені ойлаймын», сондай-ақ Төреғали Төреәлімен бірге шырқаған «Жеңге мен қайны» әнін ерекше атап өтуге болады.

Бұған дейін Динара Әлжан экс-президенттің ағасы Болат Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы айтып, кокаинге тәуелді екенін мойындаған болатын.

Серіктес жаңалықтары