×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

"Ауылымызға аттанамыз": Жаңаөзендік мұнайшылар Астана вокзалынан бейнеүндеу жолдады

12.04.2023, 08:02
видеодан кадр

Наразылық білдіру үшін Астанаға келген жаңаөзендік мұнайшылар елорда вокзалынан бейнеүндеу жолдап, үйлеріне қайтып бара жатқандарын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Біз дін аманбыз, жігіттеріміз түгел. Ауылымызға аттанамыз. Еш уайымдамай, жұмыстарыңызды жалғастыра беріңіздер. Барша Маңғыстау облысының мұнайшыларына алғысымызды айтамыз”, – деді олар.

Айтуларынша, іштерінен 10 адам “ҚазМұнайГазбен” келіссөз жүргізу үшін Астанада қалады.

Еске салсақ, 10 сәуірде  Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің жұмыстан қысқарған 80-ге тарта жұмысшысы Астанаға келіп, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына наразылық білдірді.

Олардың бәрі «Өзенмұнайгаз» компаниясынан жұмыс талап етті. Жұмыссыз қалған жаңаөзендіктер мәселеміз шешілмей министрлік алдынан кетпейміз деді. Олар таңды сол жерде атырды.

Бұдан бұрын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мұнайшылардың талабы әлі айқын еместігін айтқан.

Ал премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов  жаңаөзендік жұмысшылардың тендерден ұтылған компанияның қайтадан ұтып шығуын талап етуі дұрыс еместігін мәлімдеді.

Кейіннен жұмысшылар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы ұсынған жұмыс орындарынан бас тартқаны хабарланды.

11 сәуір күні кешке пикет ұйымдастырған Жаңаөзен мұнайшыларын қауіпсіздік қызметкерлері ұстап әкетті. Жерлестерінің ұсталғанын естіген бойда Жаңаөзенде жергілікті кәсіпорындардың қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, Астанада ұсталған жұмысшыларды босатуды талап етті.

Көп ұзамай Жаңаөзен қаласының әкімі жиналғандарға бейнеөтініш жасап, мәселені түсіндірді, сабырлыққа шақырды.

Серіктес жаңалықтары