×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Үкіметтегілер Жаңаөзен мұнайшыларының талабын орындау мүмкін еместігін айтты

11.04.2023, 12:22
ulysmedia.kz

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов  жаңаөзендік мұнайшылардың талабы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мұның бәрі келіссөз мәселесі. Бәрі заң аясында шешілуі керек. Олар тендерден ұтылған компания қайтадан ұтып шыққанын қалайды. Бірақ бұл мүмкін емес. Бәрін заң аясында істеу керек. Тендер талаптары бар және немесе сот тәртібімен, немесе  заңды негізде қарау қажет. Жай ғана талап ету – жұмсақтап айтқанның өзінде дұрыс емес. Біздің міндет – оларға қолда бар бос жұмыс орындарын ұсыну. Мемлекетті коргандар қазір солай істеп те жатыр», - деді вице-Премьер.

 БАҚ өкілдері мұнайшылардың талабы тендерден ұтылған жұмыс беруші компанияның лоббиі болуы мүмкін бе деген сауал қойды.

«Бұл лобби ме, ол жағын ашып айта алмаймын. Бәрін заң аясында қарау керек. Уәкілетті органдар келіссіөз қорытындысы бойынша ақпарат береді.  Мұның бәрін әсірелей беруге болмайды. Факті бойынша қарайық. Адамдардың талаптарын мемлекеттік органдар естіп отыр. Өздерінде бар өкілет аясында ұсыныстарын айтып жатыр», - деді Алтай Көлгінов.

Еске салсақ, кеше Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің жұмыстан қысқарған жүзге тарта жұмысшылары Астанаға келіп, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына наразылық білдірді.

Олардың бәрі «Өзенмұнайгаз» компаниясынан жұмыс талап етеді. Жұмыссыз қалған жаңаөзендіктер мәселеміз шешілмей министрлік алдынан кетпейміз дейді. Олар таңды сол жерде атырды.

Бұдан бұрын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мұнайшылардың талабы әлі айқын еместігін айтқан.

Серіктес жаңалықтары