×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Біреу айтты екен деп, кете қалатын жағдай жоқ»: Ұлдары жемқорлықпен сотталған мәжілісмен

12.04.2023, 12:20
«Біреу айтты екен деп, кете қалатын жағдай жоқ»: Ұлдары жемқорлықпен сотталған мәжілісмен
Фото: Ашық дереккөздерден

Екі ұлы жемқорлықпен сотталған Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев отставкаға кетпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Uysmedia.kz.

«Мен жаңа ғана айттым. Мен ұлдарымды кінәлі деп есептемеймін», - деген ол апелляция сотының шешімін күту керектігін атап өтті.

«Егер үкім сол қалпы қалса, не істейсіз?» деген сұраққа «әркім өз ісіне жауап береді» деді.

«Мен мандаттан бас тартпаймын. Менің жеке басыма кінәлараңыз болса сұрақтарыңызды қойыңыздар. Біреу айтты екен деп, кете қалатын жағдай жоқ. Бізге дауыс берген 700 мыңнан астам сайлаушы бар. Сайлау алдында партиямыздың бағдарламасы бар. Парламент қабырғасында еңбек етіп жүріп халқыма көп пайдам тиеді. Түсінігім сол», - деді ол.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Ауыл партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаевтың отставкаға кетуі керектігі турасында көп жазылған. Оған себеп – бір емес екі ұлының «субсидияға бөлінген ақшаны жымқырды» деген айыппен сотталуы болып отыр.