×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

«Мандатын тапсырмайды»: «Ауыл» партиясы Жигули Дайрабаев жөнінде мәлімдеме жасады

07.04.2023, 11:46
Фото: Ашық дереккөзден

Журналистер бүгін таңертеңнен бері депутат Жигули Дайрабаевпен байланысқа шыға алмай отыр. Оған себеп – депутаттыңекі ұлының «субсидияға бөлінген ақшаны жымқырды» деген айыппен сотталуы. Осы жаңалыққа байланысты Дайрабаевтың отставкасын талап етіп жатқандар бар. Бүгін де мәжіліске барған журналистер Дайрабаевты көре алған жоқ. Алайда Ауыл партиясының мүшесі Анас Бақтықожаевты сөзге тартты. Бақтықожаев партияласын жақтап сөйлейді, деп хабарлайды Uysmedia.kz.

«Оған мін таға алмаймыз.. Ол мандатын тапсырмайды. Мен фракцияның мәлімдемесін айтып отырмын. Оның абыройы бар, ары таза. Біздің партиямыздың фронтмені. Сондықтан, фракция ретінде позициямыз осындай», - деді Анас Бақтықожаев мәжілістің бүгінгі кулуарында.

«Ал баласы үшін әкесі жауапты емес пе?» деген сұраққа Бақтықожаев «Дайрабаевтың балалары ересек екенін, күні ертең өз балалары да не істейтінін білмейтінін» айтты.

«Өзімнің жұмысым, бағытым бар. Бірақ баламның не бүлдіргенін мен білмеймін. Адами фактор», - деді ол.

Журналистер Бақтықожаевтан «Не себепті Дайрабаев ауыл шаруашылығын дамытам деп жүр, ал ұлдары субсидия ұрлығы бойынша ұсталады, жеке байланыс бар секілді ғой» деп сұраған. Алайда Баққожаев байланыс бар-жоғын сот шешетінін, сот шешімі балаларына қатысты екенін атап өтті.

«Балаларының сотқа апелляция беруге құқығы бар. Ол жағын да ұмытпайық. Бірақ нақты соттың Жигули Дайрабаевқа қатысты деген шешімі жоқ. Біз ол туралы білеміз», - дейді ол.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Ауыл партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаевтың отставкаға кетуі керектігі турасында көп жазыла бастады. Оған себеп – бір емес екі ұлының «субсидияға бөлінген ақшаны жымқырды» деген айыппен сотталуы болып отыр.

Күні кеше Тараз қалалық №2 сотында алаяқтық бойынша 4 адамға үкім шыққан. Айыпталушылар қатарында Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың екі ұлы бар. Сот залындағы 4 адамға субсидияны ұрлау арқылы мемлекетке 550 миллион теңге шығын келтірді деген күдікпен айып тағылған болатын. Сот Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болған Ерлан Күлекеевті 6 жылға бас бостандығынан айырды. Елжан Елібай мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айырылды. Ол 5 жылға сотталды. Ал депутаттың ұлдары – Марат Дайрабаев және Дидар Молдахалықтың мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айырылды. Екеуінің де 5 жылға шартты түрде бас бостандығы шектелген.

«Өркениетті елде мұндай депутат қызметімен қош айтысар еді»

Осы ақпарат тарағалы әлеуметтік желіде «Жигули Дайрабаев отставкаға кетуі керек» деген әңгімелер айтыла бастады. Мәселен, белсенді Айсұлтан Жақыпов «ұлдары мемлекетке келтірілген шығынды өтейтін шығар деп ойлайтынын» атап өтеді. «Жаңа һәм әділетті Қазақстан қайда?» - дейді ол.

Ал депутаттыққа түскенімен парламентке ілінбеген Мұхтар Тайжан «енді депутат болып мәжілісте отырудың моральдік хақыңыз жоқ» дейді Дайрабаевқа қарата.

Жемқорлыққа қарсы күресімен белгілі Дидар Смағұлов «Ауыл партиясының мүшесі ауыл шаруашылығын дамытамыз деп ұрандатұанымен, ұлдары субсидиядан ақша ұрлағанын абсурд» деп атайды. «Өркениетті елде мұндай депутат қызметімен қош айтысар еді» дейді ол.

Еске сала кетсек, Жигули Дайрабаев – жақында ғана сайланған мәжіліс депутаты. Ол Ауыл партиясы атынан 8 жақтасымен парламентке кіріп отыр.

Серіктес жаңалықтары