×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Еуразиялық аймақ 600 млн адамды асырай алады – ЕАДБ

13.04.2023, 17:23
cyprusalive.com

Еуразиялық даму банкі "Азық-түлік қауіпсіздігі және Еуразиялық аймақтың агроөнеркәсіптік әлеуетін ашу" баяндамасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕАДБ баяндамасындағы деректерге сүйенсек, ауыл шаруашылығы – Еуразиялық аймақтың ұзақ мерзімді экономикалық мамандануының негізгі элементі.

Жүргізілген есептеулер өңір өзінің азық-түлік қауіпсіздігіне кепілдік беріп қана қоймай, 2035 жылға қарай 600 млн адамды азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге қабілетті болатынын көрсеткен.

Көптеген өнімдер бойынша Еуразиялық өңірде өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі бүгінде 80-95%-дан асады. Өзін-өзі қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейі дәнді дақылдар (132%) және майлы дақылдар (151%) өндірісінде, ал ең төмен деңгейі жемістер (65%) өндірісі бойынша байқалады. Алайда, аймақ елдері арасында азық-түлік өндірісі мен тұтыну көлемі бойынша айтарлықтай айырмашылықтар сақталып отыр.

Баяндамада өңір елдеріне азық-түлікпен өзара сауданы дамытуға үлкен қолдау көрсетіліп отырғаны айтылған. Соңғы 20 жылда агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) тауарларын өзара экспорттау көлемі 8,5 есеге ұлғайып, 2021 жылы 15,4 млрд долларға жетті, бұл АӨК өңірлік экспортының 33,6% -ын құрайды.

Серіктес жаңалықтары