×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Шұрық-тесік жолдар: Павлодарда 40-қа жуық шенеунік пен кәсіпкерлер жауапқа тартылды

14.04.2023, 14:32
tengrinews.kz

Павлодар облысында жыл басынан бері республикалық және жергілікті маңызы бар трассаларды тексеру кезінде анықталған кемшіліктер үшін 39 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Жыл басынан бері 453 жол зерттелді, 984 ақау анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 453 ұйғарым берілді, 39 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Шыңғыс Дулатов.

ІІМ мәліметінше, 29 адамға қатысты техникалық ақаулары бар және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтары бар көлік құралдарын пайдалануға шығарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе одан айырылған жүргізушіні көлік құралын басқаруға жол беру фактісі бойынша 6 хаттама жасалды.

Бұзушылықтар арасында мас күйде жүрген жүргізушіні көлік құралын басқаруға жол берудің ең өрескел 4 фактісі анықталды. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 619-1- бабы бойынша жауапқа тартылды.

Мысалы, наурыз айында Павлодар қаласында жүргізуші Honda көлігін басқара отырып, М. Жүсіп – Толстой көшелерінің қиылысында бақылау құдығының жанында күтіп ұстауға ЖШС-нің бірі жауап беретін шұңқырға соғылды, салдарынан көлік құралын бүлдірді. Осы факті бойынша ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары