Спорт журналисі Аслан Қаженов отандық хоккей әбден былыққа батқанын, күні кеше ұлттық құрамадағы үш бірдей спортшы Қазақстан азаматтығынан бас тартқанын жазады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Олар - Алексей Маклюков, Егор Петухов пен Антон Сагадеев.
“Тізім ары қарай да ұлғая түсуі мүмкін”, – дейді Қаженов.
Екеуі Ресейден алдырған легионерлер. Біреуі Теміртаудың тумасы.
"Қазақстан азаматтығын алып тұрып, Ресей азаматтығынан бас тартпаған. Яғни, қолында 2 паспорты болды. Бұндайға бізде заң бойынша рұқсат жоқ", - дейді ол.
Журналист Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа мәселеге назар аударуды өтінеді.