×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Мұхаммед Пайғамбарға карикатура жасаған автор көлік апатынан қаза тапты

04.10.2021, 12:00
Фото: Ашық дереккөзден

Үшінші қазанда жол апаты салдарынан швед суретшісі Ларс Вилкс қайтыс болды. Ол 2007 жылы Мұхаммед Пайғамбарды келеке етіп, карикатура салған суретші.  Сөйтіп «мұсылмандардың жауына айналған». Содан бері полицияның қорғауында болды. Швецияның ақпарат құралдары полиция жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап, суретшінің қаза тапқаны жайлы хабарлады.

БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, 75 жастағы Ларс Вилкс пен оны күзеткен полиция қызметкерлері болған көлік жүк көлігімен соқтығысқан.

Суретшінің өмірі 13 жыл бұрын Мұхаммед пайғамбарды иттің денесімен бейнелеген соң, түбегейлі өзгерген еді. Исламда Мұхаммед пен басқа пайғамбарларды бейнелеуге тыйым бар. Ол серік қосу, пұтқа табынушылық болып саналады.

Кейбір мәліметтер бойынша, «Әл-Каида» ультра радикалды террористік ұйымы Вилкстің басы үшін сыйақы тағайындады. 2010 жылы екі адам Швецияның оңтүстігінде суретшінің үйіне от қоюға тырысты. Ал 2020 жылы Пенсильваниядан келген әйел оны өлтіру үшін қастандық жасауға қатысқанын мойындады.

Серіктес жаңалықтары