×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ыстанбұлда болған қарулы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы жараланды

20.04.2023, 10:06
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«18 сәуірде Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығына біздің азаматтан қоңырау келіп түсті, ол өзіне оқ тигенін хабарлады. Консул дереу зардап шеккен азаматқа барып, оны жергілікті ауруханаға жеткізді. Медициналық тексеруден өтті, ота жасалады деп күтілуде. Қазір жерлесіміздің жағдайы тұрақты», - дейді ведомство өкілі.

СІМ мәліметінше, жерлесіміз жарақат алған кезде қасында әйелі болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, отандасымыз жергілікті азаматтар арасындағы атысқа кездейсоқ тап болған. Ол өздігінен кетіп бара жатқанда оқ тиген. Бүгінде полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр», - дейді А.Смадияров.

Серіктес жаңалықтары