×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Серік Күдебаев шекарадан тауларды асып қашқан болуы мүмкін – ҰҚК

20.04.2023, 10:54
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстаннан қашып кеткен Алматы облысы полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаев шекарадан тау арқылы өткен болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұманов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Ол тау арқылы кеткен деген болжам бар. Келген жерінен алыс емес жерде фермасы бар. Ол жерде елдімекен бар. Ол жерде де жол білетін жолсеріктер бар. Тау арқылы кетті деген нұсқаны қарастырып жатырмыз", - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін.

Күдебаев 23-24 наурызда Қазақстаннан қашып кеткен. Ол Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке келіп, одан кейін Түркияға ұшқаны айтылады.

Еске салайық, Күдебаев «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған. Тергеушілердің мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұрып, ДП ғимаратынан шығып кеткен. Енді Күдебаевқа тағылған айыптардың барлығына “қашқан қылмысы” қосылады. Іспен арнайы прокурор айналысып жатыр.

Айта кетейік, Күдебаев қамауға алынғанға дейін сол кездегі Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қол астында жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары