×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алматыда қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы тергеліп жатыр

20.04.2023, 14:34
фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті Chia Tai Tianging қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерді өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан. Өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етілді. Айта кету керек, Chia Tai Tianging Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген.

Қазіргі уақытта ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.Басқа ұйымдастырушыларды анықтап табу бойынша іс-шаралар жалғасуда.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары