×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Саясат Нұрбек Кипрде оқитын балалары мен діни көзқарасы жайлы айтып берді

14.06.2022, 11:36
Фото: Ulysmedia.kz

Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалған Саясат Нұрбек министр болғаннан кейін артынан біраз сөз ерген. Мақтағандар да, сынағандар да болды. Сынағандары балаларының Кипрде білім алып жатқанын сөз қылған. Оны сонымен бірге жат діни ағыммен де байланыстырғандар болды (салафизммен). Осы сын сұраққа айналып бүгін Үкіметтің алғашқы отырысында ант берген Саясат Нұрбектің өзіне қойылды.

«Өзіңіз Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалып отырсыз. Балаларыңыз жоғары білімін шетелде жалғастыра ма? Әлде министр ретінде өзіңіз үлгі болып елге әкелесіз бе?» - деп сұрады журналистер.

«26 маусымда олар Қазақстанға қайтады. Мен оларды асыға күтіп отырмын. Керек десеңіз, мен сіздерге фотоесеп беремін», - деді Саясат Нұрбек.

«Олар не үшін осы уақытқа дейін шетелде оқыды?» деген сұраққа министр былай жауап берді.

«Үш себеп бар. Біріншісі менің жұбайым мен балаларымның медициналық жай-күйі. Медициналық нақты қорытынды бар. Өкінішке қарай мен оларды қаржылық тұрғыда осында оларды оқыта алмадым. Үшіншіден, ол – ол өте жақсы британдық мектеп. Бірақ уайымдамаңыздар, 26 маусымда олар Қазақстанға оралады», - деді ол.

Саясат Нұрбек өз сөзінде сонымен қатар балалары жай мектепке қайтатынын атап өтті.

«Менің жеке өмірімді түбегейлі зерттеп жатқаныңызға көп рахмет! Уайымдап жатқаныңызға да», - деді министр.

«Ал өзіңіз министр болмасаңыз, балаларыңыз сол жақта оқи беретін бе еді?» деген сұраққа министр «біз жыл басында-ақ балаларымызды қайтаратынымыз туралы шешім қабылдап қойғанбыз» деп жауап берді.

Ал діни көзқарасы жайлы министр былай деді.

«Мен мұсылманмын Құдайға шүкір. Салафизмге еш қатысым жоқ. Білесіздер, атам мен әжемнің қолында өстім. Тексерсеңіз өте оңай. Атам Нұрбек. Тегімді атамның атына алған адаммын. Семей қаласында ол кісі имам, молда болды. Тыныбай мешіті деген бар. Татар мешіті болған бізде. Бірінші ашылған қазақ мешітінің имамы болды. Сондықтан кішкентей кезімнен бастап мен дінге, иманға жақын адаммын. Бірақ ешқандай радикалды ағымға, секталарға, салафизмге қатысым жоқ», - деді Саясат Нұрбек.

Сөз соңында жаңа министр Бекболат Тілеуханмен мыңдаған адам суретке түскенін, «оның өнер адамы екенін, ақын екенін, ол кісіні құрмейттінін» мәлім етті.