×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

ІІМ бес адамның өліміне қатысы бар көліктердің нөмірін жасырып отыр - инсайдер

04.10.2021, 13:09
Фото: Ulysmedia.kz

Бұған дейін құзырлы органдар бұл туралы ақпарат таратқан еді. Алайда Ulysmedia.kz редакциясына инсайдер берген ақпарат бұл ресми хабарламадан бөлектеу болып шықты.

Инсайдердің айтуынша, апат 00.18 кезінде тіркелген. Видеожазбада ол анық көрініп тұр. Ал полиция үрейлі оқиға 00.34 кезінде тіркелгенін жария еткен еді.

Сонымен қатар видеокадрда бірнеше көліктің жол үстінде жарысқан. Мұның салдары бес адамның өлімімен аяқталды.

Жарысқан көліктердің екеуі зардап шеккендерге көмектеспек болған адамдарды қағып кеткен.

Олар қатты жылдамдықпен оқиға орнынан қашып кеткен.

Инсайдердің хабарлауынша, қаралған видеожазбаларда көліктердің нөмірі өшірілген. Бұл маңызды деректердің құпия ұсталып отырғанынан хабар береді.

Бұл оқиға жөнінде Ulysmedia.kz редакциясы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Серіктес жаңалықтары