×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда тұрақсыз жұмыс істейтіндердің саны қанша

21.04.2023, 16:46
Қазақстанда тұрақсыз жұмыс істейтіндердің саны қанша
фото: ашық дереккөзден

Елімізде 1,2 млн адам бейресми немесе тұрақсыз жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жариялаған Еңбек нарығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарында айтылған.

«Қазақстанда 1,2 млн адам бейресми немесе тұрақсыз жұмыспен қамту жағдайында жұмыс істейді. Ал олардың табысы бағаланбайды. Қазақстанда бейресми жұмыспен қамту негізінен төмен табыспен және өнімділігі төмен арзан еңбекпен байланысты. Мәселен, бейресми секторда жұмыспен қамтылғандардың 40%-ы зауыттарға, фабрикаларға, ательеге (37%) және жеке қосалқы шаруашылықтарға (36%) шоғырланған. Құрылыс алаңдарында (2%), ашық базарларда (2%), меншікті автокөлік құралдарында (2%) елеусіз үлес байқалады. Сонымен қатар, бейресми жұмыспен қамту саны 15 адамнан (57%) аспайтын шағын ұйымдарға тән», - делінген ведомство талдауында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің мәліметінше, бейресми жұмыспен қамтудың таралуына әсер ететін маңызды фактор білім деңгейінің төмендігі.

«2021 жылы бейресми жұмыспен қамтылғандардың 59%-ы техникалық және кәсіптік, ал 23% орта білім алған. Қалған 18%-ның жоғары білімі бар. Ауылдық жерлерде тұратын адамдар бейресми түрде қала тұрғындарына қарағанда 2 есе көп жұмыс істейді», - деп көрсетілген кешенді жоспарда.