×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режімге бір топ белсенді қарсы шықты

23.04.2023, 13:48
Ашық дереккөз

Қазақстанда Қытаймен визасыз режім енгізуге қарсы наразылықтар басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының тұрғындары Мемлекет басшысынан Қытаймен визасыз режимді жоюды талап етіп, бейнеүндеу жолдады.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Қытай Халық Республикасымен жасалған визасыз режімді алып тастауыңызды сұраймыз. Себебі, олардың халқының саны бізден жүз есе көп, Қытай Халық Республикасының жұмыссыз азаматы бізге келетін, біз сол елдің отарына айналамыз. Визасыз режім біздің тәуелсіздігімізге ауыр қатер төндіреді. Сондықтан визасыз режімге Зайсан ауданының бір топ белсенділері, қарсымыз!» - деді бір топ қоғам белсендісі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы» құжат талқылану барысында.

Серіктес жаңалықтары