×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ердоған Қазақстанның төтенше жағдайлар бірінші вице-министрін марапаттады

26.04.2023, 09:18
gov.kz

25 сәуірде Түркия астанасында елдегі жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелерін басқарған төтенше ведомстволардың өкілдері марапатталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Марапатқа ие болған 80-нен астам елдің өкілдері арасында Қазақстаннан Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев та бар, ол зілзала салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін медалімен наградталды. Мемлекеттік награданы Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоган табыс етті.

«Бауырлас Түрік халқына тағы да көңіл айтамын. Адамдардың өмірін құтқаруға қатысқан барша халыққа, құтқарушылар мен дипломатиялық корпусқа ризашылығымды білдіремін! Біз Түркия халқы жақын арада табиғи апаттың салдарын жеңеді деп сенеміз!» - деді Ибрагим Күлшімбаев.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик ауданында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокқа ұласқан жерасты дүмпулері елдің 11 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Мамандар аймақта жерасты дүмпулері әлі барз уақыт қайталанатынын айтты.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділерді ашу жұмыстарына 88 елден 11 мың құтқарушы қатысты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына қазақстандық құтқарушылар да көмектесті. Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды. Қазақстандық құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мың текше метрден астам үйінділерді бөлшектеді.

Серіктес жаңалықтары