×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстанда тағы үш бағдарда әйелдер вагоны пайда болады

26.04.2023, 17:16
Фото: Ашық дереккөзден

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов әйелдер вагонының ашылуын қоғам тарапынан жақсы қабылданып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, бұл жобаны кеңейту үшін жолаушылардан көп өтініш түскен.

«Осы жазғы сапарлар үшін пилоттық режимде біз оны кеңейтуді шештік. Қазірдің өзінде Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана бағытындағы пойыздарда әйелдер вагондары бар. Биылғы жазғы кезеңде әйелдер вагондары бар қосымша үш бағыт ашылады: Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Ақтөбе», - деді ол.

Бұл ретте Тайжанов әйелдер вагондары тұрақты пойыздарда және Тальгода болатынын қосты.

Қазақстанда алғаш рет әйелдер вагоны2021 жылдың қазан айында пайда болған.

Серіктес жаңалықтары