×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

«Өзенмұнайгаз» бен Жаңаөзен мердігерлерінде қандай заң бұзушылықтар анықталды

27.04.2023, 20:19
Ашық дереккөз

«ҚазМұнайГаз» компаниясының арнайы жұмыс тобы «Өзенмұнайгаз» бен Жаңаөзен мердігерлерінде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгінгі таңда ондаған заң бұзушылықтар белгілі болды, кейін оларға құқықтық баға беріледі.

Нақтылай айтқанда, қызметкерлерді жалған жұмысқа орналастыру фактілері орын алған. Сондай-ақ серіктестік әуелі штаттық теолог, кейін қоғаммен байланыс жөніндегі маман ретінде белгілі ақтаулық ақын-айтыскерді де қызметке алған.

Жөндеу бөлімшелерінің мамандықтары бойынша біліктілік талаптарына және жеткілікті жұмыс тәжірибесіне сәйкес келмесе де немесе кезексіз жұмысқа қабылдау фактілері бар.

Бірқатар жүк көліктерінің GPS деректерін жұмыс уақытының табелімен салыстыру кезінде сәйкессіздіктер анықталды – яғни автокөліктер нақты уақытты жүргізді, ал жұмыс уақытының табельдерінде бұл көрсеткіштер және сәйкесінше атқарылған жұмыстарға төленетін төлемдер артық бағаланды.

Сондай-ақ жұмыс тобы мұнай өндіруші құрал-жабдықтарды жалға алу қызметтерінің құнын асыра бағалау фактісін анықтады. ӨМГ-нің кейбір мердігер ұйымдарында зейнетақы жарналарын 2-3 айға кешіктіру деректері орын алғаны, көліктік мердігер ұйымдардың қызметкерлері арнайы киіммен және тамақпен қамтамасыз етілмейтіні, жұмыс уақытынан тыс уақытта да  еңбек ету жағдайлары тіркелгені атап өтілді. Әрбір берілген факті бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

“Заң бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жалғасуда. Барлық кінәлілер заң бұзушылықтардың ауырлығына қарай жазаланады”, - деп уәде берді ҚМГ.

Еске салайық, 10 сәуірде Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанына «Берәлі Маңғыстау компаниясы» мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін мердігер компанияның 70-ке жуық бұрынғы жұмысшысы жиналды. Бұған дейін «Берәлі Маңғыстау» серіктестігі тендерде жеңіліп, жұмысшылардың барлығы жұмыссыз қалған болатын.

Сәуірдің 11-і күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикетке шыққан жаңаөзендік мұнайшыларды тәртіп сақшылары ұстады. Жалпы, полицейлер Астанада жаңаөзендік 126 жұмысшыны қамауға алды.

Серіктес жаңалықтары