×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

Онлайн платформаларда қазақша контент 87%-ға дейін өсті – министр

28.04.2023, 09:53
фото: ulysmedia

Елордада қазақ тіліндегі онлайн-контент жасаушылардың форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Форумға медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлер  жиналған. Алғашқы болып жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниэл Розенблюм сөз сөйледі.

«Біздің бағытымыз – қазақ тілді контентті дамыту. Бұл бағытта доктрина бойынша нақты шаралар жоспарын бектікенбіз. Қазіргі кезеңде қазақ тілінде мемлекеттік БАҚ-тағы орташа статистика – 85% Біз мұны тағы да арттыруды көздеп отырмыз. Әсіресе онлайн платформаларда 87%-ға дейін (қазақ тілінде контент -ред.) өсті. Саны да, сапасы да артып келеді. Сондықтан жалпы мына креативті индустрияға, сериалдарға, басқа да өнімдерімізге ішкі нарықта ғана емес, сыртта да сұраныс көп", - дейді Дархан Қыдырәлі.

Оның сөзінше, халықаралық байланыстар да маңызға ие. Әлемнің алпауыт компаниялары Қазақстанға қызығушылық танытып отырған көрінеді. 

"Соның ішінде өкілдіктерін ашу мәселесі, Қазақстанда тіркелу, интерфейстерін қазашалау мәселесі шешімін тауып жатыр.  Мысалы TikTok біздің ұсынысымыз бойныша интерфейсін қазақшалады. Жалпы TikTok-пен балалар құқықтары бойынша, басқа да мәселелер бойынша келіссөздерді бастап кеттік.  Мамыр айының соңында жаңа медиафорум өткіземіз. Соған баршаңызды шақырамыз. Ол жерде біз жасанды зейін жөнінде кеңірек әңгімелейміз деп ойлаймын", - деді ол.

Министр алдағы уақытта қазақ тіліндегі YouTube арналарға арнайы грант бөлінетінін мәлім етті.

Бұдан бөлек, министр медиасауаттылықты арттыру бағытында атқарылып жатқан істерге тоқталды.

“Күні кеше ғана біз министрлікте харрасменттен қорғау жөнінде арнайы бұйрық шығардық. Адам құқықтары, сөз бостандығы және басқа да мәселелер жөніндегі қағидаттарымыз, заңнамамыз осылай жетілдіріле береді. Екінші бағыт – медиасауаттылық. Бұл үшін біз жаңа медиалар аштық. Қазіргі кезеңде көптеген әдістемелер, семинарлар іске асырыла бастады. Таяуда ғана АҚШ Елшілігінің қолдауымен, Саливан ханымның арнайы келуімен баспасөз қызметі жөнін үлкен жиын, семинар өтті және кітаптың тұсаукесері болды. Таяуда біз тағы да АҚШ Елшілігінің қолдауымен Қазақстандағы баспасөз хатшыларын АҚШ-тың белді құрылымдарына апарып біліктілігін арттыру курстарын жалғастыруды жөн көріп отырмыз. Ол үшін тағы да рахмет айтамын”, – деді ведомсто басшысы.

Серіктес жаңалықтары