×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астанадағы алғашқы қар көшелерде ұзын-сонар кептеліс туғызды

05.10.2021, 08:25
Фото: Науат Азанбаева

Осының салдарынан қоғамдық көліктердің қозғалысы азайып, аялдамаларда жолаушылар топтасып қалған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қоғамдық көліктердің жұмысына жауапты CTS компаниясының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева ауа райының нашарлауына байланысты (қар жауу, көктайғақ) қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығы азайып, автобустар кідіріп жатқанын айтады. Қоғамдық көлікке арналған жолға көбінесе кәдімгі автокөліктер шығып кеткен.

«Жолдарда автокөліктермен қатар, қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. CTS барлық жол қатысушыларын жолдарда сергек болуға және бағдарларды алдын-ала жоспарлауға шақырады. Барлық жүргізушілерден жолдарда барынша мұқият болуды, қауіпсіз қашықтықты сақтауды, жылдамдық режимін таңдауды, күрт тежеуден аулақ болуды сұраймыз», - дейді Науат Азанбаева.

Серіктес жаңалықтары