Total компаниясы аталған кен орнына инвестицияны 2021-2025 жылдары салғалы отыр. Бұл туралы үкімет отырысында энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Біріншіден, Министрлік Total компаниясымен Доңға кен орны бойынша өнімді бөлу туралы шарттың мерзімін
2024 жылдан 2039 жылға дейін ұзартты. Есесіне Total компаниясы 2021-2025 жылдары шамамен 70 млрд теңге инвестиция құяды. Осының нәтижесінде компания мұнай өндіру деңгейін 25% арттыруды қамтамасыз етеді», - деді министр.
Министрдің айтуынша, осы жобаның арқасында өндіріс көлемі 680 мың тоннадан 860 мың тоннаға дейін артып, құрылыс жұмыстары кезінде 400 жуық жұмыс орнының құрылады.