×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Депутат Петропавл атауын өзгертуді ұсынғандарды "мәңгүрттер" деп атады

03.05.2023, 16:39
Депутат Петропавл атауын өзгертуді ұсынғандарды "мәңгүрттер" деп атады
7152.kz

Петропавл атауын өзгерткісі келетіндерді "мәңгүрттер" деп атаған қалалық мәслихат депутаты Павел Афанасьевтің басы дауға қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Петропавл қаласының мәслихат депутаты Павел Афанасьевтің телеграм-арнасындағы жазбасы желі қолданушыларына ұнай қойған жоқ.  

"Қала немесе облыстың атауын өзгерту жөніндегі мәселені біздің қоғамда тыныштық пен халықтың көңіл-күйін, келісім мен интернационализмді бағаламайтындар көтереді. Қалалардың атауын өзгертумен көпұлтты емес, моноұлтты мемлекет құрғысы келетіндер айналысады. Мәңгүрттер, Петропавл атауын өзгертуге жұмылыңдар", - деп жазған депутат.

Афанасьевті осы жазбасы үшін айыптап жатқандар көп. Желі қолданушыларының бірі тіпті оны "депутаттықтан қуу керек" деп жазған.

Тағы бір айта кетерлігі, бұған дейін депутат халықаралық тақырыптағы белгісіз автордың бірнеше жазбасын бөліскен. Белгісіз автордың жазбасында "Украинадағы неонацизм қалай күшейгені" жазылып, 2014 жылғы Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс Ресей призмасымен суреттеледі. Жазбада украиналықтарды "нацик" деп атайды. Осы жазбаны қалалық депутат "өте қызықты ақпарат" деп телеграм-арнасына бөліскен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымындағы «Аманат» партиясынан сайланған депутаты Анна Башинская Украинаның Қырымды өз бақылауына қайтарғысы келетініне қатысты  екіұшты пікірі үшін сынға іліккен болатын.

Deutsche Welle Украина президенті Владимир Зеленскийдің жоспарлы қарсы шабуылды және аннексияланған Қырымды Украина бақылауына қайтаруды жариялаған сөзін жазған. Башинская жазбаның пікір білдіретін қатарына Зеленскийге Түркияға шабуыл жасауға кеңес берген.  Депутаттың шағын пікірі әлеуметтік желіде қызу пікір талас тудырды. Қазақстандықтар Башинскаяны Ресей мен Путиннің саясатын қолдады деп айыптады.

Көп ұзамай депутат өзінің мандатын тапсыратынын мәлім етті. Башинская тіпті партия қатарынан да шығарылды.