×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

«Тик-токта стримде отыру мүмкін емес» – сенатор Шиповских интернет сапасы жайлы

04.05.2023, 10:17
Фото: Ашық дереккөзден

Сенат депутаты Геннадий Шиповских интернет сапасына жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Өкінішке қарай, «пинк» деген бар, соның өзі қалада өте төмен. Таңғалам. Біздің Астанамыздың өзінде Саранды деген тұрғын үй кешендері жақта интернет сапасы тіпті төмен. Ауыл-аймақтарды айтудың өзінің қажеті жоқ шығар. Жағдай өте мүшкіл», - дейді Геннадий Шиповских.

Оның сөзінше, келешекте киберспортты дамыту жоспары көзделгенімен, интернет неғұрлым төмен болса, оны дамыту да күрделі болады.

«Мықты ІТ мамандар, креативті саласындағы мамандар ІТ саласында еңбек етеді. Егер бізде интернет нашар болса, біз оны қалай дамытамыз?» - дейді ол.

Депутат кешқұрым кино қосқан күннің өзінде жүктеу ұзақ уақытты алатынын айтады.

Серіктес жаңалықтары