×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Банкроттыққа құжат тапсырғандардың 70%-ның өтініші кері қайтарылған

04.05.2023, 11:33
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мұны халықтың банкроттық ережелерінен хабарсыз болуымен түсіндіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«6 мың адамның өтініші қабылданды. Алты айдың ішінде оларға банкрот деген статус берілуі мүмкін. Әлі де бірақ нақты шешім қабылданған жоқ», - дейді ол.

Біржановтың айтуынша, өтініш берген 49 мың азаматтың 36 мыңы соттан тыс банкрот болу режимі ережесіне сәйкес келмей жатады. Заң бойынша, 5,5 млн теңгеге дейінгі қарызы бар және 12 ай бойы қарызын жаба алмағандар ғана өтініш білдіре алады. Өз атында мүлкі бар адамдардың да банкрот болуға мүмкіндігі жоқ.

«Егер біз арызды қайтарар болсақ, 3 айдың ішінде қайтадан арыз беруге болады. Сондықтан, өтініші қанағаттандырылмаған азаматтардың да алдағы уақытта мүмкіндігі бар», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары