Ақтөбе облысында «West Trans Group-M» ЖШС басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде деп хабарлайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 150-300 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алған.
«Қазір полицияға 30-ға жуық алданған азамат шағымданды. Полиция департаменті дәл осы алаяқтықтан зардап шеккен тұлғаларға ведомствоның 416 кабинетіне хабарласуды немесе 8(7132)936-416 телефонына қоңырау шалуды сұрайды. Еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарынан тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелерге хабарласуларыңызды сұраймыз», - деді Ақтөбе облысы ПД ТБ бастығының орынбасары Сұлтанов Нұрболат.