×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Әскери қызметші Қазақстанның рекордтар кітабына енуі мүмкін

06.05.2023, 08:16
Ашық дереккөз

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі ефрейтор Бауыржан Әбдіхайым Қазақстанның рекордтар кітабына енуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Марафоншы бес күнде бес жүз шақырымды бағындырып, елордада мәреге жетуді мақсат етіп қойған. Түнгі тынығу мен қалпына келтіру процедураларынан кейін 5 мамыр күні таңғы сағат 6.00-де Қарағандыдан жолға шығып, Осакаровкаға бет алды.

Спортшының жүгіруін ультрамарафон аяқталғаннан кейін Қазақстанның рекордтар кітабының өкілдері тіркейді.

Спортшының орташа жылдамдығы сағатына 8-10 шақырымды құрайды. Медицина қызметкерлері оның денсаулығын қадағалауда, жаттықтырушылар тактикалық мәселелер бойынша кеңес беріп келеді.

Бастапқыда Бауыржан Әбдіхайым Алматыдан Шымкентке дейін – қиынырақ бағыт бойынша марафон жасауды жоспарлаған. Бірақ Ақжал ауылынан Астанаға дейінгі дала кеңістігін еңсеру де оңайға соқпайтыы белгілі болды. Спортшының көп күш-жігері шағын төбелер мен екпінді желді еңсеруге жұмсалды. Температураның ауытқуы да өзін жайсыз сезінуге алып келді.

Бірақ, орасан зор физикалық жүктемеге қарамастан, қазақстандық жауынгер бірнеше шақырымды бағындырып, алға қойған мақсатына ұмтылуда.

Серіктес жаңалықтары