Орталық Азияда Түркі мемлекеттерінің географиялық кеңесі құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Орталық Азияда Түркі мемлекеттерінің географиялық кеңесі (GSTS) құрылды. Бұл туралы келісімге 8 мамырда Әзірбайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан географиялық қоғамдарының өкілдері қол қойды. Олардың кездесуі Ташкентте өтті.
«GSTH құру бастамасының негізгі мақсаты – түркітілдес ғылыми-зерттеу институттары мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны (материалдық және материалдық емес) зерттеу мен сақтауға бірлескен үлес қосу. Түркі халықтарының экологиялық күн тәртібін жүзеге асыру да (2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу) басты міндеттердің қатарында бар. Тұтастай алғанда, мұндай кеңес қоғамдық дипломатияның платформасына (үкіметтік емес ұйымдар үшін) айналуы мүмкін”, – деп жазды кеңесті құруға бастамашы болған QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі.
Географиялық кеңестің штаб-пәтері Ташкентте болады. Кеңестің бас хатшысы болып үш жыл мерзімге Өзбекстан географиялық қоғамының басшысы Ойбек Норинбаев сайланды.
Жаңадан құрылған Географиялық кеңес ғылым, білім, экологиялық білім және үнемділік, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, түркі тарихы бойынша ортақ ғылыми ұстанымдарды әзірлеу, экологиялық күн тәртібін қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықаралық жобалармен айналысады деп жоспарлануда.