Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына және Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деп күдіктенеді»,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің хабарламасында.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сондай-ақ, Антикор Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1 тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінә соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептелетінін еске салды.