×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Астаналық шахматшылар әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

05.10.2021, 19:56
Фото: қала әкімдігі

Испанияның Ситжес қаласында шахматтан әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында жазылғандай, елордалық шахматшылар Динара Сәдуақасова мен Меруерт Камалиденова жеке есепте, әйелдер арасындағы шахматтан командалық әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды,

Жарысқа әлемнің 12 елінен үздік шахматшылар қатысты: АҚШ, Әзербайжан, Армения, Германия, Грузия, Үндістан, Испания, Польша, Ресей, Франция, Украина және Қазақстан.

Халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова екінші тақтада ойнап, жеке есепте қола жүлдені жеңіп алды. Ол тұрақты сәтті ойын көрсетті. Сондай-ақ, жеке есепте 16 жастағы шахматшы, халықаралық шебер Меруерт Камалиденова қола медальға ие болды. Үшінші тақтада ойнаған елордалық спортшы Үндістан мен Украина командаларына қарсы ойында жақсы нәтиже көрсетті.

Командалық есепте ел құрамасы үздік төрттікке шықты.

Біріншіліктің жеңімпаздары ресейліктер болды, Үндістан құрамасы екінші орынды иемденді. Үшінші орынды Украина мен Грузиядан келген шахматшылар өзара бөлісті.

Серіктес жаңалықтары