Павлодар кентіндегі зират маңында мұнай қалдықтары мен қоқыс жинала бастады. Тұрғындар дабыл қағуда. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұнай қалдықтары үйіндісі пайда болған аумақ су қорғау аймағы болып табылады. Қазір онда үй жануарлары мен иттер, кірпілер, қойлар қырылып жатыр.
Жергілікті тұрғындар ауыл әкімінің бұған жол беріп отырғанына наразы.
«Облыс әкімінен осыған қатысы барлардың барлығын заң шегінде жазалауды сұраймыз! «Павлодар жолдары» ЖШС және Павлодар кентінің әкімдігі де шара қолдануға асығар емес”, – деген ауыл тұрғындары өз әкімдерінің әрекетсіздігінен шаршағандарын жеткізді.
"Ауылымыз қоқысқа көміліп жатыр, атап айтқанда: битум, сынап, құрылыс қалдықтары. Ауылымыз экологиялық апатқа ұшырап жатыр деп айқайлаудан шаршадық. Осының бәріне рұқсат берген әкімнің әрекетсіздігінен шаршадық», - деп жазды олар.