×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Белсенді Асқар Сембай екі айға қамалды

14.05.2023, 16:35
Ашық дереккөз

13 мамырда Астана соты белсенді Асқар Сембайды екі айға қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Шешім сенбі күні түнгі сағат 10-ға таман шыққан. Бұл жөнінде Азаттыққа адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады. Адвокаттың айтуынша, істің ашылуына белсендінің былтыр 7-17 қараша күндері желіде жазған жазбалары түрткі болған.

Асқар Сембайды полиция 12 мамырда ұстап әкеткен еді. Бұған дейін адвокаты оны 405-бап 2-бөлігі бойынша ("тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" бабы) уақытша қамау изоляторында ұстап отырғанын хабарлаған. Tirek.info сайтының мәліметінше, полиция жұма күні белсендіні түсіндірместен және құжаттарын көрсетпестен ұстап алып кеткен.

Полиция әзірге түсініктеме бермеді.

Серіктес жаңалықтары