×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ташкентте чемпион атанған Қазақстан боксшылары қанша сыйақы алады

15.05.2023, 08:18
Фото: Ашық дереккөзден

Ташкентте бокстан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс медальді қоржынға салып, жалпы есепте екінші алды. Осы ретте боксшылардың қанша сыйақы алатыны белгілі болды, еп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көш басында жарыс қожайыны Өзбекстан қалды. Жалпы Қазақстан 1993 жылдан бері егемен ел ретінде осымен 16 рет әлем чемпионатына былғары қолғап шеберлерін жіберді. Қазір еншімізде 18 алтын, 16 күміс, 22 қола жүлде бар. Осының арқасында жалпы ӘЧ тарихындағы медаль есебінде Қазақстан АҚШ-ты басып озып, 3-орынға көтерілді. Ұлттық құрама осыған дейін тек 2013 жылы Алматыда өткен дүниежүзі бәсекесінде 4 алтынға ие болған.

Әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 мың АҚШ долларынан алды. Күміс жүлдегерлерге 100 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 мың АҚШ доллары берілді. Биылғы доданың жалпы жүлде қоры – 5,2 млн.

Сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясы бас бапкер Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер қосынын, боксшыларды, дәрігерлерді, ғылыми топтың мамандарын өз есебінен марапаттайды. Бұл ретте чемпион атанған Ұлттық құрама боксшыларына сыйақы ретінде 100 мың АҚШ долларынан табыстайды.

Серіктес жаңалықтары