×
447.89
476.78
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.89
476.78
4.79

Ақтөбеде газ өңдеу зауытындағы өрттен зардап шеккен тағы бір жұмысшы көз жұмды

15.05.2023, 12:03
ТЖД

Ақтөбе облысына қарасты Жаңажол кен орнындағы өрттен зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Астаналық дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмекті көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазіргі уақытта Астана ауруханасында зардап шеккен үшінші жұмысшы емделуді жалғастыруда. Тағы біреуі Ақтөбедегі ауруханада жатыр. Оның жағдайы тұрақты”, – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Еске салайық, 1 мамыр күні Ақтөбе облысына қарасты Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытында өрт шығып, 4 жұмысшы күйіп қалғанын хабарлағанбыз.

Олардың үшеуі Астана ауруханасына жатқызылған болатын.

Аталған факт бойынша комиссия құрылды, онда компаниялардың басшыларын, орындаушыларды жауапкершілікке тарта отырып, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өңірдің барлық мұнай өндіруші кәсіпорындарын тексеру қажеттігі айтылды.

ҚР ҚК 292-бабы «өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық істі тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары