×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Қазақстандағы инфляция: Ұлттық банк жаңа деректерді жариялады

16.05.2023, 10:24
Коллаж Ulysmedia

Қазақстандағы инфляция сәуір айында 16,8%-ға дейін баяулады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстандағы инфляция ақпан айында жылдық мәннің шарықтау шегіне жеткеннен кейін сәуір айында 16,8%-ға дейін баяулады. Бұл Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес келеді. Оған азық-түлік бағасы көптеп үлес қосып, жылдық мәнде 17,9%-ға дейін баяулады. Ақылы қызметтердің инфляциясы да 13,7%-ға дейін баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жылдық баға индексі 18,2%-ға өсті», - деді Виталий Тутушкин.

Жылдық инфляцияның баяулауына қарамастан, инфляцияның айлық көрсеткіштері құбылмалы. Атап айтқанда сәуір айындағы мөлшер әлі де 2017-2021 жылдар аралығындағы орташа мәннен артық болып отыр.

«Тұрақсыз инфляциялық күтулер, мемлекеттік шығыстардың үздіксіз ұлғаюы, сонымен бірге, жанар-жағармай нарығы мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтерінде уақыты келген реформаларды іске асыра бастау түріндегі ішкі проинфляциялық факторлар сақталып, жүзеге аса бастады. Факторлардың жиынтық балансы орта мерзімді перспективада инфляцияны төмендету үшін 2023 жылдың бірінші жартысында Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтауды айқындайды. Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі іс-әрекеттер мамыр айындағы жаңа деректерді ескере отырып жаңартылған болжамға байланысты болады», - деп тоқталды Виталий Тутушкин.

Айта кетейік, 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев елімізде инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, үкімет мүшелерінің бағаны ұстап тұруға бағытталған қадамдарынан еш нәтиже жоғын мәлімдеді.

“Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады”, – деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары