Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 669 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде 312 млрд теңге сомасына 368 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Министрдің дерегінше, 33 нысан сатылымға шығарылды.
«62 нысан қайта ұйымдастырылды және таратылды. 206 нысан сату алдындағы дайындықта тұр», - деді министр.