×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Сирияда зілзаладан 3 ай өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

17.05.2023, 08:42
фото: дереккөзден

Сирияда жойқын зілзаладан үш айдан астам уақыт өткен соң үйінді астынан тірі адам құтқарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Akhbar.fouri хабарлауынша, 16 мамырда желіде тараған видеолардан қатты азып, терісі сүйегіне жабысып қалған ер адамның құтқарылған сәтін көруге болады.

Құтқарушылар оның мұнша уақыт ішінде қалай аман қалғанына таң. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оған ем-дом жасап жатыр.

Айта кетейік, Сирияда 6 ақпанда күшті жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен соң сегіз күн өткеннен кейін жергілікті билік 1500-ге жуық тұрғынның қаза тапқанын хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы көршілес Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған. Мұнда апаттан 49 мыңнан астам адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары