×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Астанада хосписке арналған қайырымдылық фотокөрме өтеді

18.05.2023, 12:42

13-21 мамыр аралығында «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында Rotary Club Astana қолдауымен фотограф Оспан Әлидің AqJaima авторлық көрмесі өтеді.

AqJaima фотокөрмесі хоспис пациенттерінің өмір тарихынан және санитарлар, медбикелер мен дәрігерлердің қажырлы еңбегінен шабыт алды. Көрме кейіпкерлері өздерінің естеліктеріне жүгінеді және камера объективі арқылы өз өмірлерін бейнелейді.

«Ақжайма - жеке өміріміздің көпшілікке көрінбейтін бөлігі, шынайы эмоцияларымыз бен сезімдерімізді сақтайтын нәрсе. Әр түрлі дақтар мен иістерге малынған хоспис ақжаймаларын көргенде, мен адамдардың тағдырын көрдім. Өмір сүргісі келетін адамдардың тағдырын көрдім!», -  дейді Оспан Али.

Фотокөрмеде Rotary Club Astana шоттарына донат төлеп, хосписке қолдау көрсете алады.

Фотопортреттермен мына сілтеме бойынша танысуға болады:https://cloud.mail.ru/public/1gGt/6RqzuKw88

Оспан Әли - қазақстандық фотограф, URKER-2019 сыйлығының жеңімпазы, "Мен – қазақ даласының қызымын" фотокөрмесінің және басқа да экспозициялардың авторы. Оның фото жұмыстары БҰҰ-дағы (Женева) "Қазақстан - Ұлы Дала Елі", "Швейцария миниатюрада" (Швейцария), Carrousel du Louvre (Париж) галереясындағы "Қазақстан сұлулығы" және басқа да көптеген қазақстандық және халықаралық фотокөрмелерде қойылған.

Серіктес жаңалықтары