×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қытайда Қазақстанның үшінші Бас консулдығы ашылды

19.05.2023, 10:34
ulysmedia.kz

Сианьда ашылған Бас консулдық – Шанхай мен Гонконгтан кейінгі үшіншісі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас консулдықтың ашылу салтанатына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.  Қазақстан мен Қытайдың сауда, көлік-логистика саласындағы байланысының маңызы зор екенін баса айтқан мемлекет басшысы екі ел  қарым-қатынасын одан ары дамытуға Бас консулдық үлес қосарына сенімін білдірді.

«Бүгін – Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үшін тағы да бір аса маңызды әрі тарихи күн. Біз Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашқалы тұрмыз. Бүгінде Сиань – «Бір белдеу – бір жол» экономикалық белдеуінің маңызды бекеті. Шэньси өлкесі және Сиань қаласы Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан. Солтүстік Қазақстан облысымен және Шымкент қаласымен бауырластық қатынас туралы келісімге қол қойылды. Бұл шаралар екі ел арасындағы барыс-келісті жандандыра түсері сөзсіз. Бас консулдық осы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосады деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Консулдық округына мына провинциялар кіреді: Шэньси (39,5 млн адам), Ганьсу (24,9 млн адам), Сычуан (83,7 млн адам), Хубэй (58,3 млн адам), Нинься-Хуэйский автономды ауданы (7,2 млн адам) және Чунцин қаласы (32,2 млн адам).

Бас консулдық қаланың Чанба ауданында орналасқан.

Серіктес жаңалықтары