×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстандағы ең танымал шетелдік көшбасшы кім

19.05.2023, 19:01
Коллаж: Ulysmedia.kz

Demoscope орталығы жүргізген сауалнама нәтижесінде Түркия басшысы Қазақстандағы ең танымал шетелдік көшбасшы екені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қоғамдық пікірдің экспресс-мониторингі бюросы Қазақстанның 14 өңірінде 18 жастан асқан 1100 респонденттің қатысуымен сауалнама жүргізген.

Сауалнама нәтижесі бойынша отандық саясаткерлер арасында танымалдылық жағынан Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көш бастап тұр.

Ал елімізде шет мемлекеттің ең танымал көшбасшысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған болып шықты, ол респонденттердің 55,6 пайыз дауысын жинады.  Ресей президенті Владимир Путин танымалдық тұрғысынан екінші орында болса, Украина абсшысы Владимир Зеленский үшінші орыннан көрінді.

"Қазақстан өз дамуында қай елге бағдарлануы тиіс?" деген сұраққа респонденттердің 52 пайызы өз бағытын ұстану керектігін айтты.

Ал респонденттердің 7,8 пайызы даму мәселесінде Түркияға қарай бағытталу керек деген ұстанымын жеткізді. Одан кейін Жапония - 6 пайыз, Таяу Шығыс елдері - 5,9 пайыз бен Ресей - 5,8 пайыз.

Серіктес жаңалықтары