×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Oyan Qazaqstan белсендісі денсаулығына байланысты аштық акциясын тоқтатты

20.05.2023, 11:26
Ашық дереккөз

Oyan Qazaqstan саяси қозғалысының белсендісі Влада Ермолчева тергеу изоляторындағы аштық акциясын 6 күннен кейін тоқтатты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Oyan Qazaqstan ұйымы қамауда отырған қыздың аштықты медициналық себептерге байланысты тоқтатуға мәжбүр болғанын түсіндірді.

«Осы кезеңде Влада денсаулығында күтпеген мәселелерге тап болды. Жағдайының нашарлауын ескере отырып, ол аштық жариялауын тоқтату туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Қозғалыс Владаның әкімшілік қамауға алынғанына қарамастан, ол өз сенімі үшін күресуді жалғастыруда деп мәлімдейді.

Еске салайық, 7 мамырда Алматыда «Оян», «Qazaqstan» қозғалысының белсенділері Дархан Шәріпов пен Влада Ермолчева қамауға алынған болатын.

11 мамырда Влада Ермолчева аштық жариялады. Осылайша ол сот шешіміне наразылығын білдірді.

Серіктес жаңалықтары