×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстанда мұнай тасымалдау көлемі артты

20.05.2023, 14:49
Ашық дереккөз

Мұнайды магистральдық және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 3 %-ға өсіп, 18 858 мың тоннаны құрады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның есебінде көрсетілгендей, магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау көлемі 4,5 пайызға өсіп, 16 765 мың тоннаны құрады.

Өсім «ҚазТрансОйл» жүйесі арқылы Самара бағытында Қашаған мұнайы көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ Дөңге және Теңіз кен орындарынан Ақтау порты бағытында мұнай тасымалдаумен байланысты екені атап өтілді.

Теңіз арқылы мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 7,7%-ға төмендеп, 2 094 мың тоннаны құрады, бұл негізінен басқа бағыттар бойынша жеткізілімдерді қайта бағыттау есебінен қазақстандық жүк жөнелтушілерінің экспорттық көлемінің әрі Жерорта теңізіндегі мұнай көлемінің төмендеуіне байланысты болды.

«2022 жылы ҚазМұнайГаз бен әзербайжандық SOCAR компаниясы арасында жасалған Ақтау – Баку – Джейхан бағыты бойынша жыл сайынғы көлемі 1,5 млн тонна мұнай транзиті туралы бес жылдық келісім шеңберінде 2023 жылдың сәуір айында Джейхан портынан Румынияның Констанца порты бағытында Petromidia МӨЗ түсіруімен 90 мың тонна көлеміндегі мұнайдың бірінші партиясы жөнелтілд», - деп толықтырды ұлттық компания.

Серіктес жаңалықтары