×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Ақмола облысында 12 ауылдың тұрғындары айлар бойы сусыз отыруға мәжбүр

22.05.2023, 08:06
фото: ашық дереккөзден

Еліміздің 4 өңірінде 154 ауылда су тазарту модульдерін орнату қажеттілігіне қарамастан, әкімдіктер бұл жұмыстарға қажетті қаражатты толық көлемде қарастырмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы үкіметте өткен жиында айтылды. 

Бүгінгі таңда ауыз суға қолжетімділік қалаларда – 98,4%, ауылдарда – 94,5% құрап отыр.Ең аз қамту Абай, Ақмола және Жамбыл облыстарының қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарында тіркелген.

Биыл сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін салу және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыруға 280 млрд теңге бөлінді. Жалпы, 2025 жылға дейін қалған 25 қала мен 1 395 ауылдың халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету қажет. 

Топтық су құбырларын салу және реконструкция жұмыстарының барысы туралы Экология вице-министрі Нұркен Шәрбиев баяндады. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірлерде атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Премьер-министр мамыр айының басында Үкімет отырысында ауыз су жобалары бойынша «аяқталмаған құрылыстар» туралы айтылғанын еске салды. Оларды аяқтаймыз дегенше, қолданыстағы инфрақұрылымдар жарамсыз болып қалуда.

Ақтөбе қаласындағы Қарғалы шағын ауданының тұрғындары суық су мен ыстық судың жиі тоқтап қалатынына шағым айтуда. Ақмола облысының Егіндікөл ауданында әбден тозығы жеткен Нұра су өткізгіші жалғыз өзі 12 ауылды сумен қамтамасыз етіп отыр. Ондағы судың шығыны 70-80% жетеді. Бұл ауылдардың тұрғындары құбырлардың жиі жарылуынан айлар бойы сусыз қалады, — деді Әлихан Смайылов.

Ол сондай-ақ Алматы облысындағы Талғар ауданының Кіші Байсерке ауылында су құбыры толық қуатында жұмыс істемейтінін айтты.

Бұлар биыл халықтан ресми түрде келіп түскен 9 мың шағымның бірнеше мысалы ғана, — деп атап өтті Премьер-Министр.

 

Ол мұндай кемшіліктер тек бүгін айтылған өңірлерге ғана емес, көптеген әкімдіктерге тән екенін айтты. Атап айтқанда, Абай, Жамбыл, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында жобалау құжаттары әзірленбеген.Сондай-ақ 154 ауылда су тазарту модульдерін орнату қажеттілігіне қарамастан, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері бұл жұмыстарға қажетті қаражатты толық көлемде қарастырмаған.

Cу мәселесінің үлкен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, әрбір өңір, әсіресе ең төмен көрсеткіштері бар облыстар жұмысты жандандыруы керек. Индустрия министрлігі бақылауды барынша күшейтуі тиіс, — деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов ауыз су бойынша «сақалды құрылыстардың» барлығын тездетіп аяқтау мәселесін пысықтауды, өңірлер әкімдіктері келесі жылы су беру жоспарланып отырған 115 елді мекен бойынша жобалау құжаттарын осы жылдың соңына дейін аяқтауды қамтамасыз етуді, 22 ауылда іздестіру-барлау, сондай-ақ 20 қаланы сумен жабдықтау және су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру бойынша жобалау құжаттарын дайындау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары