×
498.55
524.28
4.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.55
524.28
4.75

Жанболат Мамайдың жағдайы белгілі болды

22.05.2023, 09:48
Жанболат Мамайдың жағдайы белгілі болды
әлеуметтік желіден

Тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай оның жағдайы оңалып, палатаға ауыстырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бүгін Жанболаттың жағдайы кішкене жақсарып, тәбеті ашылды. Қызыл бөртпе әлі де кеткен жоқ, бірақ көбеюді де тоқтатты. Дәрігерлер жақсару динамикасы бар дейді. Жанболаттың денсаулық жағдайы дәрігерлер мен аурухана басшылығының бақылауында. Олар оның тезірек сауығып кетуіне көмектеседі деп үміттенеміз!”, – деп жазды журналист желідегі парақшасына.

Инга Иманбай халықаралық ұйымдар мен шетелдік дипмиссиялар өкілдері өзімен байланыста екенін айтып, ендігі Жанболат Мамайдың ем қабылдауы еш қиындықсыз өтеріне сенім білдірді.

Еске салайық, бұдан бұрын Жанболат Мамайдың қатты сырқаттанып, жансақтау бөліміне түскені хабарланған.

Сот Жанболат Мамайды 6 жылға шартты түрде соттады. Оған қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды. Жанболат Мамайға «Қасақана жалған ақпарат тарату» (274-бап), «Билік өкілін қорлау» (378-бап) және «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) бойынша айыптар тағылған еді. Алғашқы екі айыптау 2021 жылғы оқиғаларға, ал үшіншісі 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысты.

Мамай ісін зерделеген БҰҰ жұмыс тобы Қазақстан үкіметіне үндеу жолдап, белсендінің негізсіз сотталғанын мәлімдеген

Инга Иманбай БҰҰ жұмыс тобы жариялаған мәлімдемені орындату үшін Бас прокуратураға арыз түсіргелі отыр.