×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Зауыт жұмысшысы жүк тасымалдайтын лентаға құлаған: Ақмолада қылмыстық іс қозғалды

22.05.2023, 18:14
фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында жұмысшының жарақат алуына байланысты іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 18-інде Целиноград аудандық ПБ–не Астана қалалық ауруханасына түрлі дене жарақатымен 35 жастағы жұмысшының түскендігі хабарланды.

«Белгілі болғандай, зардап шеккен ер адам аудан аумағындағы зауыттардың бірінде жүк тасымалдайтын лентаға құлап кеткен. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары